03.04.2023
151
Күйші болғым келеді
Күйші болғым келеді,
Оның, ата, себебі –
Сіз тартқан күй ерекше
Бойыма күш береді.
Дала, өзен, таулар да,
Көл де, бақша-баулар да
Көз алдыма келеді.
«Жаралған ел бағына,
Жақын, -дейсіз- жаныма!»
Маған да, ата, ұнайды,
Тартыңызшы тағы да.
«Домбыра ойнау- салтымыз,
Сүйген-дейсіз – халқымыз.»
Үйренемін күй тартып,
Маған сенім артыңыз.
Тағы, тағы тыңдайын,
Домбыра, ата, тартыңыз!