03.04.2023
251
Өнер
Ие болдың жақсы атқа, –
Оқушысың сен енді.
Жету үшін мақсатқа,
Болу керек өнерлі.
Не керектің бəрі бар,
Бізде мұндай болды ма?!
Жаның күндей жадырар,
Тарта білсең домбыра.
Ұмтыл, өнер қолдайды,
Жетелейді сені өрге.
Ешкім қарсы болмайды
Өлең жазсаң егерде.
Өлең – өнер асылы,
Жеткізеді ел арманын.
Сонда өмірдің бар сыры,
Жақсы жаттап алғаның
Жүрміз күнде біз көріп,
Кем емессің кімнен де!
Жақсы емес пе ізденіп,
Сурет сала білген де!
«Болам адам пайдалы»
Десең егер сен елге –
Орындалар ойдағы,
Ұмтыл жақсы өнерге!