03.04.2023
140
Ахмет ата оқыған мектеп
Білгенің жөн өткенін де,
Жазы, қысы, көктемін де.
Ахмет ата білім алған
Ыбырайдың мектебінде.
Білімнің болды ол қайнары,
Елдің,
Ердің сол ғой бағы!
Ол қазақтың ең алғашқы
Мектебі еді Торғайдағы.