meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2023
  97


Автор: Серікбай Оспанов

Құмкөл

Көк құрақты Құмкөлден
Ауыл балық аулайды.
Нəр ап аң, құс бұл көлден,
Жағасында аунайды.
Аспан, бұлт, күн –
Бар əлем
Көл бетінде
Көрікті.
Бəдрисафа əжемен
Мұнда Ахмет келіпті.
 
Дейді ел: «Əже ойланып
Су бетіне қараған.
Көл айдынын айна ғып
Жирен шашын тараған...»
Сырын айтса ел ақтарып,
Барғандаймыз сол күнге.
Суреті сол сақталып
Қалса ғой су бетінде.





Пікір жазу