03.04.2023
  340


Автор: Серікбай Оспанов

Тіл – құрал

Түсінгенге тіл – құрал,
Онда жан бар, бұлқынар.
Егер дұрыс қолдансаң,
Жарық шашып құлпырар.
 
Ұмтылсаңыз, ұмтылар,
Жұлқынсаңыз, жұлқынар.
Тіл – адамдық белгісі,
Қару əрі бұл – құрал.
Еркелетсең, еркелер,
Биіктерге жетелер.
Сыйла оған қуат-күш,
Пайдасын түбі ел көрер!
***
Ие бол жерге, айрылма!
Айрылғаның жеріңнен –
Айрылғаның еліңнен,
Айрылғаның өмірден!





Пікір жазу