03.04.2023
733
Білім артық болмайды
Ақылын ал атаның,
Біл ақылың артарын!
Білім, ғылым жиғаның–
Атса оқумен əр таңың.
Ізденбеген оңбайды,
Ізденсең ел қолдайды.
Ешкімге де
Ешқашан
Білім артық болмайды!
Ақыл артық болмайды,
Ол өзіңді қорғайды!
Ол еліңді қорғайды!
Ол өмірді қорғайды!