03.04.2023
83
Нəзипа Құлжанова
Жанашыр боп балаға,
Қалап ойы өскенін,
Өткізген ол қалада
Əдебиет кештерін.
Талпындырып,
Талпынып,
«Өнер!» – деп ол жар салған.
Кеште əсем күй тартылып,
Сол кеште өзі əн салған.
«Шықсын оқып, асқарға,
Жақсы алға – деп- басқаны»,
Үлестірген жастарға
Кештен түскен ақшаны.
Абай ата өлеңін
Оқып орыс тілінде,
Риза еткен ол елін,
Құштар болған білімге.
Тəлімді жол таңдаған
Нəзипа еді бұл апаң.
Оған өлең арнаған
Алғыс айтып ұлы Ахаң.