03.04.2023
133
Анасына хаты
Өзіңді іздеп бара алмадым,
Абақтыға қамалғасын.
Азаттығы ел-бар арманым,
Кешіре гөр, жан анашым.
Өкіметке сол арманым
Ұнамады! –
Түсіне ме?
Ұры боп үй тонамадым,
Жазығым жоқ кісіге де.
Шыдамаған зорлығына
Əкемді,
Ақтас ағамды да
Төзбедің деп қорлығыма,
Соттады ғой заман мына.
Көріп соны он үшімде,
Жас жүрегім жараланған.
Сорақылық жоқ ісімде,
Азаттық ап барам, Анам!
***
«Секілді кең даласы,
Таза таңғы гүл шығы!» –
Деп Ахмет анасы –
Мақтайды елі Күншіні.
Тартқан қалай баласы,
Жоқ ешқандай кіршігі!
Даналардың данасы,
Адалдықтың бір шыңы!