03.04.2023
  297


Автор: Серікбай Оспанов

Туған жер

Гүл көмкерген алқабын,
Ақкөлде бір дала бар.
Туған жері ол атаның,
Білген дұрыс, балалар.
Арқау етіп жырға да,
Күй де арнаған Ахмет,
Өзен-көлді бұл дала
Аталады Сарытүбек.
Ынтық болар бір көрген,
Қазыналы- Сарытүбек.
Ахметтей ұл берген,
Далаға бұл рақмет!





Комментарии

Кәусар
Кәусар 21.08.2024 15:08
Өте күшті маған ұнады

Пікір жазу