03.04.2023
  85


Автор: Серікбай Оспанов

«Қазақ»

Шықса «Қазақ» газеті –
Өтелгені ел қажеті.
Болған ол кез бұл арман,
Ахмет оны шығарған,
Заманына сай қылды,
Ел тарихы айтылды.
«Құлақ, көзі» ол халықтың,
Сəуле шашқан жарық күн!
Іс-қимылы қажырлы,
Мақсаты онда жазылды.
Кейінгіге деп үлгі,
Əңгіме, өлең берілді.
«Азаттық!» деп бастады –
Ұлтына ұран тастады.
Сөзбен халық қайралды,
Ел Туына ол айналды!





Пікір жазу