03.04.2023
  292


Автор: Серікбай Оспанов

Білім жарысы

Ғалымдардың талантты
Бағалаған табысын,
 
Ахмет ата қалапты
Білімділер жарысын.
Ғылым биікке өрлетер,
Сыйы шексіз ғылымның!
Озғаныңа не жетер
Жарысында білімнің?!
Білімділер жарысы
Өтсе жылда
Бар елде,
Артып елдің табысы,
Өзгереді əлем де!





Пікір жазу