03.04.2023
  300


Автор: Серікбай Оспанов

Бай, кедей деп бөлмеген

Кедей байды ұнатпай,
Кедейді бай жек көрген.
Жүре алмаған мұны айтпай:
«Бай-қанаушы» деп келген.
Қазір бəрі өзгерген,
Жаңа заман, жаңа заң.
Ал ол кезде кез келген
Кедейді ел қор санаған.
Шындықты енді айтамыз,
Айтып кеткен көргендер.
Сонда Ахмет атамыз:
«Қазақты екі бөлмеңдер,
Кедей де адам, бай да адам,
Бір-бірінен кем емес! – »
Деп, сөзінен таймаған
Болса да айтыс, ерегес.
Жүрміз, міне, бұл күнде
Бай, кедей боп бөлінбей.
Бай болады кім-кім де
Еңбек етсе ерінбей!





Пікір жазу