03.04.2023
98
Əлихан Бөкейхан
«Өткен күнге қайрылмай,
Қапаланып-қайғырмай,
Ұмтыл,
Ұмтыл, бас алға,
Тізгіннен енді айрылмай!
Өшеді үні бұл күннің,
Ұмыт қамын құлқынның –
Деген көсем Əлихан –
Ойла ертеңін ұлтыңның!»
Сүйген ұлы Отанын,
Ойлаған тек ел қамын,
Бөкейханов Əлихан
Досы Ахмет атаның.
Бірін-бірі қолдаған,
Бірін-бірі қорғаған.
Азаттықтың жолында
Екеуі бір болды адам.