meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2023
  147


Автор: Серікбай Оспанов

Қаратұз

Арала Ақкөл даласын,
Өзендердің жағасын.
Қаратұзды табиғи
Қатқан көл деп қаласың.
Мұз емес, тұз бағалы,
Көргендер таң қалады.
Бетіндегі қабыршық
Тұзды ел қырып алады.





Пікір жазу