03.04.2023
  93


Автор: Серікбай Оспанов

Үш жұрт

Үш жұрты бар кімнің де,
Оны сұрап,
Білдің бе?!
Біріншісі – өз жұрты,
Көз алдында жүр күнде –
Əкесі, ата-анасы,
Қарындасы, інісі,
Туыс-туған, ағасы –
Бір атаның баласы.
Екіншісі – қайынжұрт,
Қайынжұрты əкеңнің –
Ата-анасы анаңның,
Туыстары, туғаны.
Толығырақ
Өскесін
Білерсің бұл туралы.
 
Үшіншісі – нағашы
Ата-анасы анаңның,
Туыстары, туғаны.





Пікір жазу