03.04.2023
343
Бауырмалдық
Ініңді жақсы көргенің,
Аялап, көмек бергенің,
Бақшаға алып барғаның,
Бақшадан алып келгенің –
Бауырмалдығың!
Ашиды жаның анаңа,
Ашиды жаның ағаңа,
Көршіңе- кемтар балаға –
Жығылып айқай салғанда ол,
Жүгіріп шығып далаға,
Отырғыздың сен арбаға –
Осы бауырмалдығың!