03.04.2023
  115


Автор: Серікбай Оспанов

Елге қызмет етеді

Он саусағым бүгіліп,
Би де билеп кетеді.
Он саусағым жүгіріп,
Домбыра да шертеді.
Он саусағым жұмылып,
Жұдырыққа да айналар.
Он саусағым бірігіп,
Анашымды аймалар.
Он саусағым аялап
Гүл егеді жеріме.
Орынатып сая-бақ,
Қызмет етеді еліме!





Пікір жазу