meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2023
  173


Автор: Серікбай Оспанов

Еңбекқор

Біл əрқашан, ел деп төр,
Жалқаулықты сен жек көр!
Бақытты да болады
Болған адам еңбекқор!
 
Еңбекпен жер көктейді,
Еңбексіз күн өтпейді
Мұратыңа жеткізер
Еңбек босқа кетпейді!
Бұл өмірде сенгенің,
Аспандағың, жердегің,
Жерде өсіріп, көргенің –
Бəрі-бəрі – еңбегің!
Бала бақша барғаның,
Оқып, білім алғаның,
Бəрі-бəрі еңбегің!
Еңбек етіп, ерінбей
Қиындықты жеңгенің!





Пікір жазу