03.04.2023
  65


Автор: Серікбай Оспанов

Көмек

Кейде анам асығып:
«Керек – дейді – көмегің!»
Жатса үй егер шашылып,
Тез-тез жинап беремін.
Əкеме ұқсап жүгіріп,
Ағаш жарып беремін.
Барлығына үлгіріп,
Су да алып келемін.
Сөйтіп күнде анамның
Екі етпеймін дегенін.
«Рақмет саған мың,
Тиді-дейді ол– көмегің!»





Пікір жазу