meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2023
  240


Автор: Серікбай Оспанов

Бəрекелді!

Апасы айтты:
– Жұмсауға жарап қалыпты,
Бүгін Қанат нан əкелді!
Атасы айтты:
– Бəрекелді!
Ағасы айтты:
– Мектепте кеше жарыс боп,
Озып Қанат дара келді!
Атасы айтты:
– Бəрекелді!
Дегізген кіл «Бəрекелді!»
Үлкен жігіт Қанат енді!





Пікір жазу