03.04.2023
  167


Автор: Серікбай Оспанов

Қарлығаштың ұясы

Біздің үйдің төбесіне
Ұя салды қарлығаш кеп.
Балапандар,
Көресің бе?!
Ашады ауыз қарным аш деп.
 
Қайтсін енді?!
Аш қалмақ па?
Білем əрі шөлдегенін.
Шығып биік баспалдаққа,
Оларға мен жем беремін.
Бір əуенді қайталағыш –
Жем жеуді жек көрмейді анық!
Шешелері айтады алғыс
Ұшып сосын мені айналып.





Пікір жазу