03.04.2023
  156


Автор: Серікбай Оспанов

Атам менің орманшы

«Не жетеді ұшқанға?!
Тамаша ғой, көрейік.
Келіп жатқан құстарға
Ұя жасап берейік.
Көптігі жоқ көмектің,
Қамқор болып жүрейік.
Бұтағына теректің
Ұяларын ілейік.
Бұғы, елік, маралдың
Жағдайын да жасайық.
Серігі олар адамның,
Жем апарып шашайық», –
Дейді атам – Қоршаған
Қорғау өскен ортаңды –
Үлкен міндет ол саған,
Қорғауың ол Отанды!»
Тиіспейді аң, құсқа,
Емес мүлде ол аңшы
Бөленген сан алғысқа,
Атам менің орманшы.





Пікір жазу