03.04.2023
156
Төрт мезгілі бір жылдың
Аязды, суық қыс келді –
Аппақ қар жерге түсті енді.
Өзгертіп оны көктем кеп,
Жерге – көк, жасыл түс берді.
Күн күлген ыстық жаз келді,
Қанатын құстар жазды енді,
Ілесіп жазбен, құстарымен
Құлаққа əсем саз келді.
Шалғында,
Суда,
Қарда да
Ойнаймыз мəз боп бар бала.
Шанамен қыста сырғанап,
Мінеміз жаз, күз арбаға.
Не жетер көктем гүліне,
Не жетер күздің күніне?!
Төрт мезгілі бұл бір жылдың
Жанашыр бірі-біріне.