03.04.2023
  109


Автор: Серікбай Оспанов

Жанашыр

– Қыңсылайды күшігің
Қымтадың ба үйшігін?
– Бүгін тамақ ішті ме,
Қайда кеткен мысығың?
– Гүлдер солып қалмасын!
– Қолың тонып қалмасын!
– Жылы киін,
Аязда
Қайда кетіп барасың?! –
Бəрімізге жанашыр
Дейді қамқор анашым.





Пікір жазу