03.04.2023
  145


Автор: Серікбай Оспанов

Күресте

Болған жайт күресте
Əлі күн жүр есте:
Сұқ саусақ ұмтылды,
Ортан қол бұлқынды.
Аты жоқ қамданып,
Шынашақ жұлқынды.
Төртеуі бірігіп,
Білекке жүгіріп,
Ұстап ед шап беріп
Өкініп:
– Қап! – дедік.
Өйткені қайрылды,
Білектен айрылды.
«Жеңіліп қалмақ па?!»
Қарасты жан-жаққа.
 
Төртеуі:
– Қосыл! – деп
Үн қатты Бармаққа.
Екінші қолдағы
Саусақтар қолдады.
Сөндірмей үмітті,
Барлығы бірікті.
Осылай жеңіске
Жеткізді жігітті!





Пікір жазу