03.04.2023
156
Обал мен сауап
Қирамасын тал, терек,
Кім-кім де оған жауапты.
Табиғатта бар керек!
Біл обал мен сауапты!
Мəпеле құс баласын,
Балапан ғой ол əлі.
Қара, құлап қалмасын,
Өлсе, обал болады.
Дауыл тұрып, бұрқады,
Алма ағашқа соғады.
Түзе сынса бұтағы,
Əйтпесе обал болады!
Көрдің бе үйдің алдына
Гүлдің бүрлеп өскенін?
Су құй шөлдеп қалды ма,
Сауап – көмектескенің!
Алғыстан ел кем етпес,
Іздегенің табылар.
Қолдан келсе, көмектес,
Сауаптан жан жадырар!
***
Бірліктен не асады?!
Бірлік алға басады!
Біріксе,
Құйттай арадан
Аюдың өзі қашады!