03.04.2023
107
Обал
Қанатымыз – қолымыз,
Қағып-қағып оны біз,
Ұштық-ау деп ойладық,
Құс болып көп ойнадық.
Кенет ұлдар жалт қарап,
Қолдарына ап автомат,
«Тыр-тыр-тыр-тыр-тыр» десіп,
Атты бізді бірлесіп.
Қоя қойдық ұшқанды,
Ата ма адам құстарды?!
Қайта оларды сақтайды,
Адам құсты атпайды!
Өйткені обал болады.
Ұшсын олар жоғары.