03.04.2023
  92


Автор: Серікбай Оспанов

Əдеп –жақсы əдет

Түнде көзі ілінбейді,
Қорқақ бала дірілдейді.
Жылаумен күн батырады,
Жылауықтар бақырады.
 
Өкпешілдер тыржыңдайды,
Қырсық бала қыржыңдайды.
Сабақ білмес сипақтайды,
Өтірікші қипақтайды.
Өсекшілер сыбырлайды,
Ұрыншақтар жыбырлайды.
Бақырмай-ақ, шақырмай-ақ,
Тыржыңдамай,
Қыржыңдамай,
Сипақтамай,
Қипақтамай,
Сыбырламай,
Жыбырламай,
Қандай ғажап ақыл қонса,
Жақсы əдетке жақын болса!





Пікір жазу