03.04.2023
121
Əдеп
Жұмсағанда тіл алмасаң,
Тыныш, қарап жүре алмасаң,
Уəдеңде тұра алмасаң,
Айтқан ақылды ұға алмасаң,
Салсаң жылап күнде əлекті,
Дейді сені кім əдепті?!
Бостан-босқа жыламасаң,
Тіленбесең,
Сұрамасаң,
Сыйлай білсең кісілерді,
Жасы өзіңнен кішілерді,
Болғаның ол əдепті!
Көшелерде, дүкендерде,
Күтпегенге, күткенге де,
Танымаған, танығанға,
Сəлем берсең үлкендерге
Болғаның ол əдепті.