03.04.2023
135
Азамат
Шүберек пен су алып,
Қойдым үйді тазалап.
Апам сондай қуанып:
«Болдың, – деді – азамат!»
Жыламап ем
Тіземді
Алғанымда жаралап,
Атам мақтап жүр енді:
«Болды, – деп, – бұл азамат!»
Бос өтпейді əр күнім,
Үйрендім сан өнерді.
Қуантатын барлығын
Азаматпын мен енді!
Азамат – бұл ғажап ат,
Кісі алдынан ол өтпес.
Болғың келсе азамат,
Бəрін үйрен!
Көмектес!