03.04.2023
137
Жеті ата
Білген жақсы екен ғой,
Білмейтін көп мұны, əттең.
Біріншісі – əкең ғой,
Екіншісі – ұлы əкең.
Үшіншісі – ата ғой,
Төртіншісі – ұлы атаң.
Олар қарттар батагөй,
Бата да ақыл, біл, қалқам.
Бесіншісі – бабамыз,
Алтыншы – ұлы бабамыз.
Бəрі – абыз, данамыз,
Үлгі-өнеге аламыз.
Жетінші – арғы тегім де,
Немесе оны ру де.
Жүрсін есте, көңілде!
Жеті атаңды ардақтап,
Білсең, əзір жетеді.
Білмесең, біл, ал жаттап,
Білген бала – жетелі!