03.04.2023
  286


Автор: Серікбай Оспанов

Ахмет ата

«Бəріне елдің ұнаған
Болды, – дейді – Ұлы адам»
Білмейсіңдер демеймін,
Кім дейсіңдер бұл адам?!
Ғылым, білім жинаған,
Жинап, елге сыйлаған,
Жазған алғаш «Əліппе»
Ең ардақты сыйлы адам.
Елдің қамын ойлаған,
Жердің қамын ойлаған.
Бақыты үшін күрескен,
Ойлап қана қоймаған.
Бар əлемге аты аңыз
Ол – Ахмет атамыз!





Пікір жазу