03.04.2023
118
Ең тəтті мен ең ащы
– Ең, ең тəтті не өмірде? –
Деп сұрап едім мен бірде,
Балалар бірден ойланбай,
Келісіп бəрі қойғандай:
Шулады тегіс:
– Бал! – деді, –
Басқа енді не бар?– деді.
Содан соң бəрі жабыла:
– Ол кəмпит! – деді тағы да.
Содан соң бəрі жабыла:
– Ол қант! – деді тағы да.
Əйтеуір ойлап тапты ғой,
Жақсы сөз – ең тəтті ғой.
– Ең, ең ащы не өмірде?
Деп сұрап едім мен бірде.
Балалар тағы іздеді,
Бірі:
– Ең ащы тұз!– деді.
Біреуі:
– Жуа!– деп жатыр,
Біреуі:
– У ма?– деп жатыр.
Таппағаннан соң өздері
Сұрап еді кеп əжемнен:
– Ең ащы: – жаман сөз!– деді.