03.04.2023
  123


Автор: Серікбай Оспанов

Əліппе

А, Ə, Б .... –
Əріп дейді бұларды.
А-Н-А –
Сөз боп əріп құралды.
Қосуды əріпті əріпке
Үйрететін «Əліппе».
Қосып əріпті əріпке,
Сөйлететін «Əліппе».
Алсаң егер үйреніп,
Ойлы ететін «Əліппе»!
Жасамасаң жамандық,
Ұят, Намыс, Адалдық,
Сабыр, Əдеп, Қайырым –
Əліппесі адамдық.
Бірлігінде – Ел күші,
Тірлігінде – Ер күші!
Жақсы ісіңнің барлығы –
Адамдықтың белгісі!





Пікір жазу