meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2023
  145


Автор: Серікбай Оспанов

Ұлылар ұлағаты: Абай Құнанбайұлы

Ел деп өткен əр күні
Қазақтың бас ақыны
Абай сөзі – өнеге,
Сүйеу болды ол елге.
Бес асыл іс-өмірде
Қонатұғын көңілге:
«Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым» деген ғой.
Бұл сөздерін жаттап ал,
Жаттап, білген бақ табар.
 
***
Абайдың ақыл əр сөзі,
Кітабын оқып көрсеңіз.
«Дүние де өзі мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз», –
Дегені қандай керемет,
Ақылға салып өлшеңіз.
***
Көп сөйлеп-мылжыңдап,
Күлме бос ыржыңдап.
Тыныш жүр жыламай,
Алма сен сұрамай!
«Əдептен озбайық», –
Деген ғой ұлы Абай.
***
Оқыдым жырын талай күн,
Əр сөзін ақыл санаймын.
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» –
Жек көргендері Абайдың.
Абайдың жақсы көргені,
Ақыл-кеңесін бергені –
Сабырлы, арлы, білімді,
Қуғандар өнер, ғылымды.
***
Терең ойлы, ақылман,
Көңіл бөл сөз мəніне.
Адамдыққа шақырған
Ұлылардың бəрі де!





Пікір жазу