03.04.2023
501
Мейірім
Бəрі құшақ ашқанның –
Нұрын төгіп аспанның
Жерге шуақ шашқан күн,
«Айналдымы» Анаңның –
Мейірім!
Аға, ініңнің үйдегі
Бетіңнен кеп сүйгені,
Танытып ақ пейілін,
Əлдилеуі əжеңнің –
Мейірім!
Ұзап шықпай қасыңнан,
Сипап шашың,
Басыңнан,
Мойыныңа асылған
Сіңіліңнің қылығы –
Мейірім!