29 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Дүниежүзілік би күні аталып өтіледі. Мереке бидің әр түріне арналған. Бұл мейрам ЮНЕСКО-ның шешімімен 1982 жылы тойлана бастады. Француз балетмейстері, хореография өнерінің теоретигі, реформатор Жан-Жорж Новердің туған күнімен тұспа-тұс келеді. Ол балетмейстер Л.Дюпренің шәкірті, "заманауи балеттің әкесі" саналады. Новер биші ретінде Лондонның "Друри-Лейн" театрында балет труппасын ұйымдастырған. Сондай-ақ, балет-трагедияның қағидаларын ойлап шығарды. 1759 жылы "Балет пен би туралы хаттар" атты өзінің әйгілі туындысын жарыққа шығарды. Бұл еңбекте балет-пьесаның қағидалары түсіндірілген. Көктемнің бұл шуақты күнінде әлем бойынша би байқаулары мен кештері, кәсіпқой бишілер мен шәкірттері ұйымдастырылған сан түрлі шоу өтеді. Ал бисүйер қауым ырғақпен бірге қозғалып, би билеп, сергіп қалады.
Сондай ақ, бүгін Дүниежүзілік балалар тілегі күні. Ол 1980 жылдан бері Американың Make-A-Wish Foundation қайырымдылық қорының бастамасымен аталып өтетін болды. Олар өте ауыр сырқатқа шалдыққа бүлдіршіндерге қолдау көрсетеді. Бұл мереке төрт жасар Крис Грейчуспен болған жағдайдан кейін аталып өте бастады. Ол лейкемия дертіне шалдыққан болатын. Баланы аман алып қалу мүмкін болмады. А ол болашақта полиция офицері болуды армандайтын. Сондықтан сол кезде кеден саласында қызмет еткен Томми Остин балаға мереке сыйлаймын деп шешеді. Ол өзінің әріптестерімен бірге Крис үшін ауқымды мейрам ұйымдастырады. Кішкентай Криске шақ полицей киімі тігіліп, балаларға арналған мотоциклге отырады. Тікұшақпен де ұшып көреді. Оған Аризона штатының құрметті полицейі атағы да беріледі.
29 сәуір күні ерекше мерекелердің бірі - Шатыр күні тойланады. Ескі заттар жиналып тұратын шатырлар бәрінің бала кезінде болған шығар. Балалар сол заттардың арасынан қазына тауып алуды армандайтын. Ескі әрі ертегідегідей шатырларда әр елдің балалары ойнаса керек.