02.04.2023
  271


Автор: Серікбай Оспанов

Кешірім

Ештеңе де өмірде
Татулыққа жетпейді!
Түссе кірбің көңілге,
Көкейіңнен кетпейді.
Ойнап жүріп құрбыңмен
Ренжісіп қалдың ба?
Асырма, сен бір күннен
«Кешір!» – де оның алдында.
 Өкпелемей ісіңе,
Кешірді ме?
Ол – əділ!
Өзің де үлкен-кішіге
Кешірімді бола біл!
Жақсы сөз ғой, жалғанда
Достың «кешір!» дегені.
Ерегесіп қалғанда
Кешірімді жеңеді!





Пікір жазу