meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.04.2023
  115


Автор: Серікбай Оспанов

Əдептілік

Көрінгенді сұрайтын,
Бермеді деп жылайтын,
Ұмыт жаман əдетті,
Бала боп өс əдепті.
Елге сəлем бермейтін,
Шақырса үлкен келмейтін,
Ұмыт жаман əдетті,
Үйрен жақсы əдепті.
 
Тақта алдында талтайма,
Асып-тасып шалқайма.
Əдепсіздік – надандық,
Əдептілік – адамдық!
Мақтанып «мен-мен!» деме,
Жасы үлкенге «сен» деме.
Əдептілік жарасар –
Бақытыңа ол жол ашар!





Пікір жазу