meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.04.2023
  162


Автор: Серікбай Оспанов

Сабыр

Қалаға ол алғаш барғанда,
Түнде таң жылдам атпады.
Оңаша, жалғыз қалғанда,
Ұясына күн батпады.
Табылды іні, аға да,
Жолдас та жаңа табылды.
Сонда да қарап далаға,
Ауылын Мұрат сағынды.
Сағындырды ата-анасы,
Сағындырды оны мектебі.
Сабырлылығын қарашы,
Қаладан қашып кетпеді.
Сыйлай біледі ол адамды,
Етеді қазір бəрі үлгі.
Өйткені Мұрат табанды,
Салмақты, озат, сабырлы!





Пікір жазу