02.04.2023
  112


Автор: Серікбай Оспанов

Ар

Домбыраны атама
Əперіп ем төрдегі:
Маған берген батада
Атам: «Арлы бол!» деді.
«Ар» деген сөз не?» – деп мен
Одан сосын сұрадым.
– Айттым жақсы себеппен,
Ар-намысың, шырағым! –
Деп аташым, тағы да
Түсіндірді «Ар» мəнін:
– Кір келтірме жаныңа,
Аппақ болсын арманың.
Аппақ болса арманың –
Сақтағаның Арыңды.
Жақсы көрер жан-жағың,
Жас болып өс жалынды.
АДАМГЕРШІЛІК ƏЛІППЕСІ
 Ар-ұятың,
Адалдық,
Жөн-жобаны білуің.
Жасамауың жамандық,
Мəнді өмір сүруің!
Оқуда озат болғаның, –
Осылай деп аташым
Түсіндіріп сөз мəнін,
Берді тағы батасын.





Пікір жазу