02.04.2023
  1508


Автор: Жібек Ысқақова

Асыл әке, жан әке еске аламыз

Жиырма жыл уақыт өтті зымырап,
Қасымызда жоқсыз әке сіз бірақ.
Сағынамыз өзіңізді еске алып,
Сіздің жарқын бейнеңізді, біз жылап.

Есімізде әрбір айтқан сөзіңіз,
Үн қатардай суреттегі көзіңіз.
Жиырма жылда бойымызды түзедік,
Жиырма жасты артқа салып өзіміз.

Сіз болсаңыз мәңгі жас боп қаласыз,
Біздер үшін жан әкешім данасыз.
Асқар таудай алыстан қол бұлғайтын,
Жадымызда қорған болар панасыз.

Еске алады сағынып бала-шағаң,
Адал жарың, жаулықты асыл анам.
Немерелер бар әке сізге ұқсайтын,
Өзіңіздей ерекше алтын адам.

Дұға етеміз күнінде Оразаның,
Тыныш болсын деп Әке сенің жаның.
Өзіңізге бағыштап құранды Әке,
Жасаудамыз ниет қып бар амалын...

Еске алушылар: асыл жары, ұлдары мен келіндері, немерелері мен қызы Жібек Искакова





Пікір жазу