02.04.2023
  115


Автор: Ораза айт

Айт намазының шариғаттағы үкімі

Алла Тағала былай дейді: «Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар» (Бақара, 185).
Аяттағы Алланы ұлықтаудың мағынасы айт намазын оқуды білдіреді. Ұлы имам Әбу Ханифа мазһабының ғалымдары айт намаздары жұма намазы уәжіп болған адамдарға уәжіп деген үкімге тоқталған. Шарттары да нақ сол жұма намазының шарттарындай. Тек мұнда хұтпаның намаздан соң айтылуы сүннет. Пайғамбардың (с.а.с.) өз өмірінде оны қалдырмай ұдайы түрде орындауы айт намазының уәжіптігіне дәлел. Ханафи фиқһындағы уәжіп терминінің мағынасы Құран мен сүннеттен міндеттілігіне шүбәлі дәлелмен дәлелденген іс дегенді білдіреді. Уәжіптің үкімі әдейі тастап кетсе күнәлі болады, бірақ кәпір болмайды. Уәжіп амалдарға үтір, айт намаздары,  пітір садақасы т.б. амалдар жатады.





Пікір жазу