01.04.2023
  103


Автор: 365 күн

22 сәуірде әлемде және қазақстанда дүниеге келген тұлғалар

1870 жылы орыс революционері, Кеңес заманының саяси және мемлекеттік қайраткері, 1917 жылғы Қазан төңкерісін жасаушы, көшбасшы, КСРО-ның негізін қалаушы Владимир Ленин дүниеге келді;

1937 жылы аты аңызға айналған америкалық актер, "Оскар" сыйлығының 12 мәрте иегері Джек Николсон дүниеге келді;

1966 жылы кеңестік және ресейлік актер Юрий Торсуев дүниеге келді;

1974 жылы Украинаның спорт шебері, "Әлемдегі ең мықты адам" атағының иегері Василий Вирастюк дүниеге келді.

             22 сәуірде Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1900 жылы қазақтың атақты жазушысы, ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі және сыншысы Сәбит Мұқанов дүниеге келді;

1928 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі Нұрмұхан Жантөрин дүниеге келді;
1949 жылы әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жақсыкелді Сейілов дүниеге келді;

1951 жылы ақын, аудармашы, "Жігер" республикалық шығармашылық фестивалінің лауреаты, Абайдың 150 жылдығына орай өткен жыр мүшәйрасының жүлдегері Қатира Жәленова дүниеге келді;

1973 жылы боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының және ТМД-ның чемпионы Болат Жұмаділов дүниеге келді.





Пікір жазу