01.04.2023
  117


Автор: 365 күн

22 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін  халықаралық Жер күні. Бұл мереке 2009 жылдың 22 сәуірі күні БҰҰ бас ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді. 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын аталып өтеді. Бұл күн Жер мен оның экожүйесі адамзат өмірі үшін аса маңызды екенін мойындау мерекесі болып саналады. Сондай-ақ 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау болып табылады.

Бұл күні АҚШ сағыз мармелад күнін тойлайды. Кезінде сағыз мармеладты діни мереке пасхада ғана әзірлеген. Ал қазір діннен бөлек, АҚШ-та жеке мереке күні белгіленген. Мармелад Рональд Рейганның сүйікті тәттісі болған. Ол темекіден бас тартқан кезде мармелад жеген екен. Сондай-ақ АҚШ-тағы азаматтық соғыс кезінде де әскерлерді қолдау мақсатында осы тәтті түрі майдан даласына үнемі тасымалданып тұрған.

Бразилияда 22 сәуір Ашық есік күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке 1500 жылы Бразилияны ашқан Педро Алвареш Кабралдың құрметіне белгіленген.





Пікір жазу