31.03.2023
  110


Автор: 365 күн

19 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін әлемде дәстүрге сай әдемі көктем мерекесі – Бәйшешек күні аталып өтеді. Бұл мерекенің тарихы Англияда 1984 жылы басталды. Климаттық зонаға байланысты әлемнің әр түкпірінде бәйшешектер қаңтардан бастап сәуір айына дейін гүлдейді. Қар жамылғысы астынан бәйшешек қылтиып көрінгенде, көктем келгенін шынайы сезінеміз. Бұл аппақ гүлдер көктем шуағын, сылдырап аққан бұлақ суының тамшысын білдіреді. Бәйшешекке әр тілде әдемі атау берілген: ағылшын тілді елдерде – "Қар тамшысы", Чехияда - "Қар қиыршығы", Германияда "Қар қоңырауы" деп аталады. Ұлыбританияда бәйшешектер сәуір айының ортасында гүлдейді, сол себепті мереке дәл бүгін тойланады.

Сонымен бірге бүгін көңілді мереке – Велосипед күні аталып өтеді. Бұл мейрам химик ғалым Альберт Хофманды еске алуға арналған, ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ЛСД дозасын ішіп алып, велосипедке отырып, сапарға аттанған еді. Көңілді мерекені достармен бірге атап өткен жөн – велосипедпен жақын маңайды айналып, көктем шуағына бөленгенге не жетсін.

Америкалықтар бүгін ерекше мерекені тойлайды – Сарымсақ күні. Бұл көкөністі әзілдеп сасық раушан деп те атайды. Бұл сөздің де жаны бар, себебі сарымсақ лала тұқымдастар қатарына жатады. Емдік пайдасы мол өсімдік жайлы алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі төртінші мыңжылдықта шумер саз тақтайшаларында жазылған. Сарымсақ кез келген тағамның дәмін келтіреді әрі емдік қасиеті де күшті. Сарымсақтың адам иммунитетін жақсартатыны ежелден белгілі. Америкалық ғалымдар жақында анықтағандай, бұл өнімді тамаққа жиі пйдалану асқазан және тік ішек қатерлі ісігінің алдын алады. Бұдан бөлек, сарымсақ жүрек және қан тамырын түрлі дерттен қорғап, холестерин деңгейін реттейді.





Пікір жазу