17 сәуірде әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар:
1820 жылы америкалық спорт қайраткері, бейсбол ережесін жасаушы Александр Картрайт дүниеге келді;
1968 жылы орыс эстрада әншісі Валерия дүниеге келді. Ресей халық әртісі (2013);
1974 жылы ағылшын әншісі, әндердің авторы, биші, модель, актриса, сән дизайнері және кәсіпкер Виктория Бекхэм дүниеге келді.
17 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді:
1952 жылы ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Галина Баймаханова дүниеге келді;
1954 жылы Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі (2013 жылдан бастап), Мьянма Республикасындағы елші (2015 жылдан бастап) қызметін қоса атқарушы Марат Есенбаев дүниеге келді;
1957 жылы ҚР парламенті сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы дүниеге келді;
1957 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов дүниеге келді.