16 сәуірде әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1618 жылы Уильям Гарвей алғаш рет адам ағзасындағы қан айналымы жүйесіне жаңа көзқарас білдірді;
1871 жылы Берлин Германия астанасы деп жарияланды;
1964 жылы америкалық ұшқыш Джеральдина Мок Батыс Германияға қонды, ол бүкіл әлемді ұшып өткен алғашқы әйел болды;
1972 жылы Айдың бетіне қонуды көздеген "Аполлон" бағдарламасы бойынша бесінші экспедиция басталды.
16 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1918 жылы Орынборда Әліби Жангелдиннің бастамасымен қазақ тілінде "Қазақ мұңы" газеті шығарылды;
1922 жылы Қостанай драма театры ашылды;
2003 жылы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес "Тұрғын үй жинақ құрылыс жинақ банкі" ЖАҚ құрылды;
2010 жылы Грозный қаласының №1 лицейіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді;
2010 жылы әлемдік турне аясында Қазақстанға әлемдік футболдың бас жүлдесі – FIFA әлем кубогы жеткізілді;
2011 жылы Қазақстанда ислам дінінің бастау көздері туралы отандық ғалымдардың еңбектеріне арналған "Даналардың ізімен" атты көлемді телевизиялық экспедиция жобасы іске қосылды.