31.03.2023
  105


Автор: 365 күн

16 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Бүгін Дүниежүзілік дауыс күні – дауыс феноменіне арналған жыл сайынғы халықаралық интернационалдық шара аталып өтеді. Мерекенің мақсаты – дауыстың біздің күнделікті өмірімізде негізгі қарым-қатынас құралы және физика, психология, фонетика және биология секілді көптеген ғылымды зерттеу тақырыбы ретіндегі маңызын көрсету. Дауыс музыка және театр сияқты көптеген өнер түрі үшін де маңызды. Бұл дүниежүзілік күн 1999 жылы америкалық және еуропалық отоларингологтар мен логопедтердің, атап айтқанда, Америка отоларингология академиясы (American Academy for Otolaryngology – Head and Neck Surgery) және португалиялық медицина докторы Марио Андреаның күш салуының арқасында құрылды. Бұл күні әр түрлі концерттер, симпозиумдер, медициналық және білім беру мекемелерінде ашық есік күндері өтіп, оған теле және радио бағдарламалар арналады.

Бүгін сондай-ақ Чарли Чаплин күні. Дыбыссыз киноның ғажайып актері 1889 жылы 16 сәуірде Лондонда дүниеге келді. Қаңғыбастың әсерлі образы, қара мұртты, үлкен қалпағы бар адамның бейнесі әлі күнге дейін шаттыққа бөлейді. Өткен ғасырда экранға шыққан сюжеті қарапайым картиналарды әлі күнге дейін көз алмай көреміз, өйткені актер экран арқылы бір ауыз сөз айтпаса да өз рөлін шебер ойнайды. Ол өмірді ерекше қабылдаған, мейірімді, жаны жайдары адам болды. Әлемде болып жатқан оқиғаларға белсенді түрде үн қатып отырды, диктатор Адольф Гитлер туралы әзіл-оспақ фильмінің өзі неге тұрады.

Болгарияда бүгін Конституция күні аталып өтеді, ол – 1879 жылы елдің Бірінші Ұлы Ұлттық Ассамблеясы қабылдаған және сол кезде ең прогрессивті Конституция болып саналған жоғарғы заң. Ол Болгариядағы конституциялық монархияның және парламенттік заңнамалық биліктің мемлекеттік құрылымын нығайтты. Кейін Монархтың өкілеттігі одан әрі арта түсті, ал 1934 жылы Борис Үшіншінің жеке билігінің режимі Конституцияны мүлде өзгертіп тастады. Болгариядағы барлық партия мен министрлер кабинетіне тыйым салынды. Тек 1944 жылдың 9 қыркүйегінен кейін Болгария Конституциясы аз уақытқа қалпына келтірілді, бірақ 1946 жылғы референдумнан кейін Ұлы Ұлттық Жиналыс қайта шақырылды.





Пікір жазу