31.03.2023
  285


Автор: Намаз

Ерлерге ақшам намазы үлгісі, 2 рәкат сүннет (Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы) (текст)

Құрметті мұсылман қауым! Ерлерге, жігітке, ұл балаға, ер адамдарға арналған ақшам намазының сүннеті оқу тәртібін жазбаша (текст) және видео нұсқа ретінде жарияладық. Оқыған намазыңыз қабыл болсын!


Намаздың толық және діни үкімдерге сай болуы үшін парыздарын, уәжіптерін және сүннеттерін орын-орнымен орындап, намаздарды бұзатын және мәкрүһ нәрселерден сақ болу керек.


 


Ақшам намазының 2 ракағат сүннеті


Жайнамазда, не нәжістен таза жерде жүзіңізді құбылаға қаратып қиямға тұрып, жүрекпен қылған ниетті, «иә Алла, өзіңнің ризалығың үшін, ниет еттім ақшам намазының 2 ракағат сүннетін өтемекке, жүзімді қараттым құбыла тарапына халисал лилләәһи тағааләә» деп тілмен бекітіп, алақанды жазып құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсағына тигізіп «Аллааһу Әкбар» деп құлақ қағып,қол байлап, Жасырын «Субіхәәнәкә» дұғасын оқып, «Аъуузу билләһи минәшшәйтоо-нир- рожиим, бисмилләәһир-рохмәәнир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып іштей әмин де де, «Фәләқ» сүресін оқып «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнәроб- би-йәл ъазыйм» де де, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан қиямға тұрып, «роббәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә, Аллааһу Әкбар» деп отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл- әъләә, Аллааһу Әкбар» деп, 1-ші ракағатты бітіріп, 2-ші ракағатты өтеуге қиямға тұрып, қол байлап, «Бисмил-ләәһир-рохмәәнир-рохиим» деп «Фатиха» сүресін оқып, іштей әмин де де, «Нас» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп, руқуғқа бар, рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би-йәл ъазыйм»«Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роббәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп, сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә, Аллааһу Әкбар» деп, отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә, Аллааһу Әкбар» деп, отыр да, «Әттәхийәт, Салауат» оқып, «Роббәнәә әәтинәә фид-дүниәә хасәнәтән, уә фил әәхирати хасанатан, уә қыйнәә ъазәәбәнн- нәәр. Роббәнағ фирлии уәли-уәәли дәийә, уә лил му-минийнә яумә иә қуумул хисәәбі. Бирохмәтикә иәә архамар роохимиин» деп, «Роббәнә» дұғасын оқып, басты оңға бұрып «Әссәләәму ъәләйкум уә рохматуллааһ», басты солға бұрып, «Әссәләәму ъәләйкум уә рохматуллааһ» деп сәлеммен намазды аяқтап, 3 рет «Әстағфируллааһ» деп, қол жайып «Аллааһумм-мә Әңңтәс-сәләәму уә миңңкәс- сәләәму тәбәәроктә иәә зәл жәләәли уәл икроом. Аллааһу Әкбар» деп, бет сипа. «Аятул курси» оқып, «Зул жәлаали уәл-кәмаали» деген соң, 33 рет «Субіхааналлааһ, ъалаа ниғматил исләәм» деп, 33рет «Әлхамдулиллаһ, раббил ъааләмиин» деген соң, 33 рет «Аллааһу Әкбар» деп қол жайып, «Ләә иләәһә ил-лал- лааһу уахдәһуу ләә шәриикә ләһ, Ләһул-мүлкү уәләһул-хамду уәһу-уә ъаләә кулли шәий- иңң қодиир. Роббәнәә тәқоб-бәл минн-нәә инн-нәкә әңң-тәс-сәмийъул ъалиим. Уә тубі ъаләйнәә иәә мәуләәнәә инн-нәкә әңңтәт-тәу- уәәбур-рохиим. Уаһ-динәә уә уәф-фиқынәә иләл хәққи уәә иләә торийқым-мустәқыиим. Аллааһу Әкбар» деп дұға оқып, бет сипа.





 




Пікір жазу